Алатау сілемдеріндегі ең көне «Ақсу Жабағлы» қорығы аумағында туристік қалашық салынбақ. Бұл туралы Шымкентте өткен халықаралық туризм форумында айтылды. Ерекше қорғалатын аймақта болашақта Еуропа елдеріндегідей демалыс кешендері бой түзейді. Саяхатшылар кейбір адам ізі баспаған табиғаты әсем тау шатқалдарын аралап, сирек кездесетін аң құстарды көруге мүмкіндік алады. Қазірдің өзінде бұл жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар бар. Ал Сарыағаш ауданыдағы курортты  аймақ одан әрі қанат жайып, көркейетін болды. Жер асты,, минералды суымен танымал аймақтың даму жобасы да жасалған. Көне Түркістан және Сайрам қаласындағы тарихи орындар әлем кезген саяхатшылардың Қазақ жеріне де қадам басуына мүмкіндік береді. Шомылу маусымы 5 айға дейін созылатын Шардарадағы жағажай туризімін дамыту мақсатында жергілікті инвесторлар қаржы құймақ. Соның негізінде бір ғана туризм саласын дамытуға бағытталған 7 меморандумға қол қойылды. 

 

Мәдихан ҚАСҚАБАЕВ, ИНВЕСТОР:

Оңтүстік деген көнеден келе жатқан өңір ғой. Мұнда көптеген туризмге мүмкіншілік жасайтын болсақ өте кеңінен таратуға болады.Біз енді мынау Сарыағаш ауданынан сауықтыру кешенін салсақ, елге үлкен қызмет көрсетек деп елдің жағдайын жасап. Үлкен құрылыс болады онда әрине.Осыған енді облыстық тараптан кішкене қаражат бөлінсе деп. Жол картасы бойынша.

 

Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ,ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ОҚО ерекшелігі туризмді дамытудың бірнеше бағыты бойынша қолға алып отырмыз.Тарихи мәдени туризм бұл Түркістан,Отырар Сайрам сияқты көне қалалардың қайта жаңғыртып соның инфрақұрылымын қалпына келтіру арқылы туристерге қызмет көрсету.Оған қызығушылар өте көп қазір біз алыс жақын шет елдермен жұмыс жасап жатырмыз.Осы да біздің потенциалымыздың бірі болып табылады.

 

 

 

Сурет: rus.azattyq.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер