Нано-технологияның бүгіні мен  ертеңі. Болашақ энергиясын дамыту ісі мен өнертапқыштардың тың жаңалығын өндіріске енгізу үрдісін қалай қалыптастыруға болады? Осы және өзге де өзекті мәселелер Анкарада өткен халықаралық ғылыми-технологиялық конференцияда сөз болды. Жиынға 83 елден 320-дан астам ғалым қатысты. Олар үш секцияға бөлініп, көп алдында ғылыми жобаларын таныстырды. Шараның бас ұйымдастырушысы Жаңа Түркия стратегиялық зерттеу орталығының төрағасы Хасан Джелал 21-ші ғасырда ғылым мен технологияға көңіл бөлмей, өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес дейді. Оның айтуынша,  болашақта Түркия осы салаға  жалпы ішкі өнімінің 4 пайызын бөлуі тиіс. Қазақстандық ғалымдар елімізде жасыл технологияны дамыту мен инновациялық жаңалықтарға мән беріліп отырғаны жөнінде баяндама жасап, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

 

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Біз келген ғалымдар әрқайсымыз өзіміздің саламыз көлемінде жақсы проекттер алып келдік. Қазақ елінің де ғылымының, әсіресе мен өзім халықтың денсаулығы, адамзаттың денсаулығындағы қиын жағдайлар, адамның қартаймаудағы сыры, аурудың асқынып кетуінде нендей құпия бар, оның алдын алу жөнінде көптеген ғылыми тұжырымдарымды ғалымдар қолдады және оған ылайықты пікірін білдірді. Бұл жиналыстың жеңісі - біздің Қазақ елі ғалымдарының білім-дәрежесін қандай биікте тұрғанын көрсетеді.

 

 

 

 

Сурет: nsn.fm

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер