Лаңкестік деген зұлматпен күрес  - әлемдік қоғамдастықтың міндеті. Әсіресе терроризммен күрестегі жауапкершілік қоғамның ең ықпалды тұлғаларына жүктелуі тиіс. Мәскеуде «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық конференциясында осындай ой айтылды. Шара Ресей халықтар достығы университетінде Қазақстан мен Ресей президентерінің бастамаларын жүзеге асыру аясында өтті. Конференцияға Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тажин, екі ел министрліктерінің өкілдері,  Еуропа, Азия және Африка мемлекеттерінің ғалымдары, рухани көшбасшылары қатысты.

 

Бағлан Майлыбаев, Қазақстан Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары:

Терроризм және экстремизммен жұмыла күресуде екі ел бір белдеуде орналасқан стратегиялық одақтас мемлекеттер болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестік және экстремизммен күресті күшейтуде әлемдік бастамаларын белгілеп берді. Олар БҰҰ шеңберіндегі терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық коалиция құру, Халықаралық ұйымда зұлматпен күреске негіздеген кұжаттың қабылдануы, Әлем. 21-ғасыр манифесті.

 

Магомедсалам Магомедов, РФ Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары:

Сарапшыларымыз радикалды ағымдарға қарсы әрекеттің қалай жүзеге асу керектігін, осы  етудің негізгі тетіктерін ойластыруда. Ресей мен Қазақстан терроризммен күреске дайын. Жұмыла жасаған әрекетімізде өз жемісін беретінін сенімдімін.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер