Түріктің іскер топ өкілдері оңтүстік өңірдің инвестициялық әлеуетімен жақынырақ танысу үшін «Оңтүстік туризм - 2016» халықаралық туристік форумына қатысады. Шара  шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысы - Жібек Жолының жүрегі» тақырыбында бизнес-конференция ұйымдастырылады. Онда облыстың туризм, көлік-логистика мен инфрақұрылым және инвестициялық ахуалы жайлы маңызды ақпараттар беріледі. 3 күнге жоспарланған сапар аясында түрік кәсіпкерлері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақты аралап жергілікті өнім өндірушілермен кездеседі. 

 

Ибрахим ЭНГИН "МАМАК" ІСКЕРЛЕР МЕН ӨНЕРКӘСІПШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Мамак» іскерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығы атынан форумға 5 кәсіпкер қатысамыз. Олар құрылыс, ауылшаруашылық және тұрмыстық зат шығаратын өндіріс орын иелері.. Біз осы сапарымызда Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысып, өндіріс ошақтарын зерттеп-зерделейміз. Ал оның нәтижесі бойынша қауымдастығымызға  мүше 200-ден астам кәсіпкердің қатысуымен жиналыс ашып,  білген-түйгендерімізбен бөлісеміз.

 

 

 

Сурет: shymkent.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер