Елімізде ескі көліктерді жоятын зауыттар салынады. Кәсіпорындарды Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналастыру жоспарланып отыр. Ал ескі көліктерді қабылдау орындары әр облыстар жұмыс істейді. Бұл жөніңде ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жоба отандық машина құрастыру саласын жаңа белеске шығарады деген үміт бар. 25 жылда осы саладағы өндіріс көлемі ақшаға шаққанда 17 есеге өсті. Ең жоғарғы көрсеткіш 2013-2014 жылдары байқалды. Бұл кезеңде отандық көліктердің өндірісі 950 млрд тенгені құрады. Ал, экспортқа келсек, Қазақстандық темір тұлпарлар Орта Азия, Араб Әмірліктері және Грузия елдерінде сұранысқа ие.  

 

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ОДАҒЫ" ЗТБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жылы өздеріңізге белгілі себептермен өндіріс төмендеді. 2014 жылмен салысытыырғанда 30 пайыздан жоғары өндіріс азайды. Былтыр күзден бастап өндіріс қалыптаса бастады, ал биылғы жылы біз сол төмендеген көрсеткішті жылдың аяғымен 91 пайызға жеткіземіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер