Қазақстанға ғашық британ азаматы. Жиһаз жасаушы мекеменің қарапайым қызметкері Саймон Холдик қазақ мәдениеті мен спортына әуес. Оның Қазақстанға деген қызығушылығы 4 жыл бұрын футболшы досы «Қайрат» клубында ойнай бастағанда оянған. Содан бері ол 4 рет Қазақстанда болып, әлеуметтік желілерге қазақ елі туралы танымдық жазбалар жариялап жүр. Бүгінде АҚШ, Испания, Италия, Перу, Түркия сияқты елдерден оқырмандар тапқан.

 

Саймон ХИЛДИК, ҰЛЫБРИТАНИЯ ТҰРҒЫНЫ:

Өкінішке орай, кейбіреулерде Қазақстан туралы  жайсыз пікір қалыптасқан. Мен оларды бірден Қазақ елін өз көзімен көріп қайтуға шақырамын және сіздердің елдеріңізде тек шөлді дала ғана емес, биік таулар, ну орман, сарқыраған өзен де бар екенін айтамын.

 

Саймон қазақстандықтардың қонақжайлығына таң қалады. Оған әсіресе жылқы етінен жасалған тағамдар ұнаса керек. Оның ойынша, британиялықтар мен қазақстандықтардың арасында ортақ нәрсе көп.

 

Саймон ХИЛДИК, ҰЛЫБРИТАНИЯ ТҰРҒЫНЫ:

Біріккен Корольдігімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан неше түрлі ұлттар бар. Қазақстан да  бірлігі мен ынтымағы  жарасқан көпұлтты ел. Сондай-ақ, біздің халық сүт қосылған шәй жақсы көреді. Қазақтардың да сол сусынға әуес екендігін білем.

 

Саймонның егіз бір қыз, бір ұлы бар. Олар қазақ футболшыларының есімдерін жатқа біледі. Өзі де қазақ тілін жетік меңгергісі келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер