Қазақстанда 2016 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемі 74 млн тоннадан 75,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұған қара алтынның орташа жылдық бағасының өсуі және қазан айында «Қашаған» кен орнын іске қосу жоспары әсер етті. Бұл туралы Сенатта ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. Палата отырысында депутаттар 2016-2018 жылдарға арналған республика бюджетіне түзетулерді мақұлдады. Өзгертулерге ел үкіметінің ағымдағы жылға макроболжамды нақтылауы себеп. Атап айтқанда, мұнайдың орташа жылдық бағасы баррелі үшін 30-дан 35 долларға  дейін көтерілді. Жаңартылған сценарий және жыл басынан бері экономика салаларындағы даму қарқынын ескере отырып, 2016 жылы ЖІӨ өсімі бұрын болжанған 0,5% деңгейінде қалдырылды. Ал инфляцияны 6-8% дәлізінде ұстап тұру көзделіп отыр.

 

 

 

Сурет: www.m-astana.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер