Петропавлда өткен «Қызылжар Инвест - 2016» халықаралық инвестициялық форумында жалпы сомасы 207 млрд теңгенің келісімшарттарына қол жеткізілді. Соның ішінде машина жасау, жер қойнауын пайдалану, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы салаларындағы 22 келісім бар. Мысалы, Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері Солтүстік Қазақстан облысында авияция зауытын салмақ. Сөйтіп, өңірде 2020 жылдан бастап жолаушы, көліктік ұшақтар құрастырылады. Жоспар бойынша, өндіріс ошағы жылына 70 әуе кемесін жасауы тиіс.

 

Михаил ГОНЧАРОВ, Г.М.БЕРИЕВ АТ. АВИАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕНІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /РЕСЕЙ/:

Біз, қазақстандық әріптестерімізбен бірге «Бе– 103» мен жаңа «Бе - 132» ұшақтарын құрастыруды жоспарлап отырмыз. Соңғысы 26 жолаушыға арналған. Сонымен қатар «Бе – 200 ЧС» іздестіру – құтқару әуе кемесін шығарамыз. Бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де маңызды жоба.

 

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған жиынға  Швеция, Финляндия, Сейшель аралдары, Қытай мен Ресей және еліміздің түкпір-түкпірінен іскер азаматтар қатысты.

 

Хэй ЦЗЯ, ИНВЕСТОР /ҚЫТАЙ/:

Біз осында өткен жылы келіп, жергілікті нарықты зерттедік. Қазақстан Үкіметі бастамаларымызды қолдап, жан-жақты көмек көрсетті. Қазір май зауытын салып жатырмыз. Енді агроөнеркәсіп паркін құруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар бидайды терең өңдеуге де ден қоямыз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы инвестиция тарту бойынша былтыр елімізде көш бастады. Мәселен, 2015 жылы аймаққа 164 млрд теңге қаржы құйылды. Ивесторлар  жер қойнауын пайдалану,  туризм, машина жасау, құрылыс салаларына қызығушылық танытты. Дегенмен инвестицияның 30 пайыздан астамы ауыл шаруашығына бағытталды.

 

Ерік СҰЛТАНОВ, СҚО ӘКІМІ:

Бізде жол картасы бар. Оның ішіне 62 жоба кірген. Оның толық құны 190 млрд-тан асып отыр. Оның ішінде 300 млн доллардан астамы шетелдік инвестиция болып табылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер