Атырау қаласында 45 жас отбасы баспаналы болды. Пайдалануға берілген көп пәтерлі тұрғын үй қаланың жаңа бой көтеріп келе жатқан ықшам ауданында орналасқан. Жастарға қуаныш сыйлаған баспана «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша салынған. Жоба бойынша пәтерлер жас отбасыларға жеңілдікпен беріліп отыр. Өткен 6 жылда Атырау қаласында 20 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады.

 

Сәуле ЖАҚАНОВА, ПӘТЕР ИЕСІ:

Көпбалалы анамын 5 баламыз бар. Осы жылы март айында жас отбасыларға арналған 2020 бағдарламасы бойынша құжаттар тапсырып, жоғары балл 140 балл жинап  бүгін құтты қонысымыз болып жатыр. Өте қуаныштымын.

 

Серік ШАПКЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Жыл басынан бері 14 үй іске қосылған болатын. 700-дей пәтер 42 мыңшаршы метрлік . Алдағы жылдың соңына дейін әлі де 8 үйді іске қоспақшымыз. Бұл негізінен 60 пәтерді құрайды.

 

 

 

Сурет: azh.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер