Парсы шығанағынан бастап 7 жарым мың шақырымды артқа тастаған саяхатшы, Абдул Мохсин Аль-Багли мотоциклмен Алматыға жетті.  Мақсаты - біздің елдің тамаша табиғатымен танысып, Универсиада мен ЭКСПО көрмесіне арналған кешендерді көру. Кувейттен шыққан Абдул Мохсин  9 елді басып өткен. Оның негізгі мамандығы мұнайшы. 52 жастағы Абдулдың мотоциклді тізгіндеп, сапар шегіп жүргеніне 7 жылдай уақыт болған. Кувейт азаматы енді елімізде өтетін қысқы Универсиада мен ЭКСПО-ны қолдау мақсатында ұйымдастырылатын шараларға қатысуды жоспарлап отыр.

 

Абдул МОХСИН АЛЬ-БАГЛИ, КУВЕЙТТІК САЯХАТШЫ:

Мен бұған дейін Қазақстан жайлы тек қана оқып білгенім болмаса көзбен көрген емеспін. Міне алғаш жолым түсіп, бәріне тәнті болып отырмын. Табиғаттарыңыз қандай тамаша! Ал адамдары өте қонақжай екен. Мені құшақ жая қарсы алып, барлық жылы жұмсақтарын  алдыма тосты. Бұл сәтті мен ешқашан ұмытпаймын. Мұндай қошаметті мен басқа елдерден көрген жоқпын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер