Экономиканы әртараптандыруда толайым табыстарға қол жеткізген Атырау облысы өнімділікті еселей түспек. Өңірде шикізаттық емес секторды дамыту ісі дұрыс жолға қойылған. Әсіресе, өндіріс пен терең өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Мына жүн өңдеу кешені өткен жылы жұмысын бастаған. Кәсіпорын арзан және қымбат мата түрлеріне деген алғашқы тапсырыстарды орындап үлгерді. Енді сапалы тауар өткізетін жаңа нарық іздеу үстінде.

 

Назгүл Есмаханова, тоқыма фабрикасының директоры

Біз жуылған жүн өндіреміз, бұл да өнімнің бір түрі болып саналады. Жуылған жүннен үпелек мамық аламыз, одан иірілген жіп шығарамыз. 100%-пайыздық қой және түйе жүнінен жасалған жіптен жылына 400 мың метр мата өндіріледі. Оның 200-300 мыңы жылы жамылғы көрпелер. Қазір ішкі нарық пен Ресейден келіп түскен коммерциялық ұсыныстарды сараптау үстіндеміз.

 

Шикізаттық емес секторға инвесторлардың да қызығушылығы артқан. Сырттан инвестиция тарту көрсеткіші бойынша Атырау облысы көш басында.

 

Дениз Ероғлы, Оқшауланған материалдар жеткізу компаниясы директорының орынбасары /Түркия/

Қазақстаннан бізге тапсырыс беретіндер көп. Тасымалдау шығындары болмағандықтан өнімнің өзіндік құны да арзан болады. Сол себепті инвестиция салған тиімді. Ең бастысы сіздің ел Үкіметінің инвесторларға деген көзқарасы дұрыс. Қазақстанға қаржы салған тиімді әрі сенімді.

 

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында өңірде 55 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 20 миллиардқа аз болатын.  

 

Сурет: weproject.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер