Оңтүстік Қазақстан облысында мақта бағасы 170 теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бұған Ливерпуль биржасындағы бағаның өсуі әсер етті. Өнім құнының жоғарылауы шаруа үшін тиімді. Диқандар биыл 109 мың гектар алқапқа мақта еккен. Шығым да жаман емес. Шілдедегі қуаңшылыққа қарамастан, шаруалар агротехникалық талаптарды қатаң сақтаудың арқасында гектарынан 25-26-центнерге дейін өнім алып жатыр. Оның үстіне көрші Ресейден бастап арысы Иран мен Пәкістан, Түркия мен Қытай және Балтық теңізі жағалауындағы елдерден біздің мақта талшығына деген сұраныс жоғары.

 

Серік Тұрбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Бірінші бастама 140 теңгеден басталған. Бүгін 170 теңгенің төрңірегінде болып тұр. Ол өте жақсы баға, шаруа да риза. Мақта қабылдап алатын зауыттар да соны қанағат тұтып отыр. Тағы бір айтатын жағдай мына көрші Өзбекстаннан да комбайн алып жатырмыз.Келешекте біз комбайн терімін 80-90 пайызға жеткізуіміз керек.Сөйтіп мақта саласын тиімді салаға аударуымыз керек.

 

Сурет: www.fullhdoboi.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер