Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев Ыстамбұлда бір топ түрік кәсіпкерлерімен кездесіп, бауырлас қос елдің сауда-экономикалық әлеуетін арттыру мәселесін талқылады. Елші Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасының, бес институционалдық реформа мен 100 нақты қадам Ұлт жоспарының орындалу барысына тоқталып, шетел инвесторларына жасалатын мол мүмкіндіктер жайлы айтып берді. Өз кезегінде түрік кәсіпкерлері Қазақстанның ауылшаруашылық, химия мен құрылыс саласына қызығушылық танытып отыр. Мысалы, кәсіпкер Ердоған Санжард биыл елімізге 6 гектар жерге алма ексе, алда 40 гектар алқапқа жеміс-жидек өнімдерін өсіруді жоспарлап отыр.

 

Ердоған Санжар, кәсіпкер

Қазақстан - экономикалық дамуы тұрақты және қауіпсіз бір мемлекет. Ал шетелдік инвесторлар үшін бұл - маңызды фактор. Бұл басымдықты елеп-ескеріп біздің компания Қазақстан нарығына шығуға ұйғарды. Былтырға дейін біз Түркияда өндіріп, Қазақ еліне экспорттап келсек, қазір барлық өнімді сонда өсіріп, сатпақпыз. Алдағы мақсатымыз Қазақстанды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде Ресей нарығына шығу.

 

Сурет: mid.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер