ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 43 білім беру нысаны пайдалануға берілгенін, тағы 10 нысан жыл соңына дейін енгізілетінін хабарлады.

 

 

«Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды мектептерді жойып, апатты мектептер санын төмендетіп, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды тапсырған еді. 2015–2016 жылдар аралығында 96 білім беру нысанын салу үшін 77 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оған 77 мектеп пен 19 балабақша салынды. Осы мақсаттарға биыл 57,9 млрд теңге қарастырылған, жергілікті атқарушы органдарға 38 млрд теңге аударылды, оның ішінде 34,8 млрд теңгесі немесе қаржыландыру жоспарынан 92%-ы игерілді», –деп ақпараттандырды Қ. Бишімбаев.

 

Министр Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері қаражатты толық көлемде игергенін жеткізді.

 

«Жалпы, бүгінде 43 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 29 мектеп пен 14 балабақша бар. Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі», – деп нақтылады Қ. Бишімбаев.

 

Фото: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер