Алдағы уақытта Павлодар облысының жастарымен қоян-қолтық жұмыс істейтін мамандар біліктілігін арттырады. Бұл туралы өңірдің 200-дей белсенді азаматтары бас қосқан «Жастар.Павлодар.kz» форумында белгілі болды. Белсенді жастар  мемлекеттік жастар саясатының 6 бағыты бойынша 2017 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттарды айқындады. Форумның ашылу салтанатында облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан жастар марапатталды. Айта кетейік, биыл 230 жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, жеке кәсібін бастаған. Ал жұмыс іздеп келген 5 мыңнан астам жастың 4 жарым мыңы жұмыс тапты.

 

НАТАЛЬЯ НЕФЕДОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСШЫСЫ

Биыл жастарды еңбекпен қамтуға басымдық берілді. Нәтижесінде жұмыспен қамту деңгейі 79,6% құрады. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жасақтарының қатарын арттырдық. Осылайша, жас буын өкілдері жаз мезгілінде нәпақа табу мүмкіндігіне ие болды. Кәсіпкерлікпен айналысатын жастарға да жол ашық. Жас бизнесмендерге «Бизнестік жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетіледі.

 

Сурет: pavlodarnews.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер