Павлодарлықтар тарихи оқиғаның куәгері болды. Ертіс өңіріне жергілікті мұнай-химия зауытына арналған алып реакторлар жеткізілді. Құрылғылар Оңтүстік Кореядан Солтүстік су жолы арқылы жеткізілді. Жүктің жалпы салмағы шамамен мың тонна. Дизель отынын гидротазалауға арналған құрылғылар тапсырыс бойынша «Хюндай хеви Индастрис» кәсіпорнында жасалған. Реакторлар іске қосылған соң павлодарлық мұнай-химия зауыты модернизациялаудың технологиялық үрдісіне көшпек. 

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер