Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Петропавлға жетті. «Абылайхан резиденциясында» ашылған көрмеге «Алтын адамның» үлгісі қойылды. Құнды жәдігердің өзі 1970-інші жылы Есік қорғанынан табылды. Оның киімі ең жоғары сынамалы 4 келі алтыннан құйылған. 4 мыңдай әшекей-бұйымдар бар. Зиялы қауым, жастар мен қаланың қарапайым тұрғындары «Алтын адамды» жақыннан көріп қана қоймай, сақ тайпасының мәдениетімен де танысты.

 

АЛПАМЫС ШӘРІМОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Біз осыдан бұрын Батыс Қазақстанды, Оңтүстік облыстарын, ОРалық Қазақстанды, Шығыс Қазақстанды аралап, мінекей Солтүстік Қазақстанға да келіп жеттік. Енді бұл біздің келіп отырған 10 – ыншы қаламыз. СКЛ 005707 Дәл статистика бойынша әр қалада күніне 1 мыңнан астам адам келіп, осыны тамашалады. Себебі біздің көрме тегін және де 3 күн бойы жалғасын табатын болады.

 

Сурет: kazakhstan.travel

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер