Семейдегі "СемАЗ" кәсіпорны тағы бір жаңа желіні іске қосты. 10 және 25 тонналық жүк көліктері негізінен шағын және орта бизнеске арналған. Қытайлық мамандар жергілікті жас мамандарды құрастыру жұмыстарының қыр-сырына үйретіп, 50 адам еңбекпен қамтылды. Жыл соңына дейін 200-ге жуық техника құрастырылмақ. Көліктер коммуналдық қызмет түрлеріне де әбден жарайды. Сондықтан тапсырыстар түсіп жатса, кәсіптің қандай саласына болсын ыңғайластырып шығара аламыз дейді зауыт басшылығы.

 

ЖАНДОС ІЛИЯСОВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ

Локализация бойынша 40% жуық. Мұны өзіміз жасаймыз. Мұның кузовын, сонан кейін, Қазақстанда шығатын аккумулятор, содан кейін мұның құйылмалы бөлшектерін жасаймыз.

 

Сурет: www.semaz.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер