Еліміздің мәдениет министрлігі Санкт-Петербургтің музыка үйімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Құжатқа министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен көркемдік жетекші Сергей Ролдугин қол қойды. Басты бағыттардың бірі қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Өнер мен мәдениет тақырыбына қатысты шеберлік дәрістер мен бірлескен семинар өткізу жоспарға енді. Меморандум екі ел өнерпаздарының гострольдік сапарларға шығуына да жол ашады.

 

СЕРГЕЙ РОЛДУГИН, САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МУЗЫКА ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Алдағы уақытта екі ел өнерпаздарының бірлескен концертін өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ЭКСПО халықаралық көрмесінің аясында Айман Мұсаходжаевамен бірге концерт ұйымдастыру ойымызда бар. қызықты жобалардың көп боларына сенемін.

 

Сурет: www.spdm.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер