Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан мен Ресейдің XIII-ші аймақ-аралық ынтымақтастық форумы аясында бірқатар кездесулер өтіп жатыр. Бас қосуға Ресейдің белді саясаткерлері, сабардал сарапшылары мен іскер топ өкілдері арнайы келген. Екі елдің іскерлік кеңесінің отырысында  шикізаттық емес тауарлардың экспорты мен кооперациялық жобаларды қолдау тетіктері жан-жақты талқыланды. Жиында Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов ресейлік әріптестеріне бизнесті дамытуға кедергі келтіріп жүрген мемлекеттік органдардың рейтингін жасауды ұсынды. Бұл шаралар оң нәтиже беретінін атап айтты. Негізінде Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі. Биылғы жылдың 6 айында өзара сауда айналымы шамамен 5 жарым млн. АҚШ долларын құрады. Әрине бұл көрсеткіш жаһандық дағдарыс салдарынан былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% қысқарды. Сондай-ақ, бірінші тоқсанда көрші мемлекеттен елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі $19 млрд асты.

 

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, "АТАМЕКЕН" ҚР ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Бізге өзара сауда айналымы жөнінде нақты сандарға тоқталудың қажеті жоқ. Біз шикізаттық емес саладағы экспорт пен импорт, орта және шағын бизнесті дамыту мәселесін талқылауымыз қажет. Бұл тиімділікті негізгі көрсеткіштері. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.  

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер