Өрескел қатенің тамырына балта шабу керек. Бүгін заңнама мәтіндері, терминдерді біріздендіру мәселесіне арналған әдістемелік семинар өтті. Мәдениет және спорт министрлігі, Премьер-министр кеңсесі, парламент сенатының аппараты мен әділет министрлігінің өкілдері өзекті тақырыпты жан-жақты талқылады. Сарапшылар мен лингвистер қазіргі уақыттағы қателерді тізбелеп, кей аудармалардың қисынға келмейтінін алға тартты. Қатысушылар  қордаланған мәселені шешу үшін, тіл мамандары жұмылып аудармаға қатысты ортақ мәмілеге келуі тиіс деген пікірлерін білдірді. Осы мақсатта бертінде мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен Терминком.кз сайты ашылды. Бұл порталда ресми бекітілген терминдер тізбегімен танысуға болады. 

 

ҒАЛЫМЖАН МЕЛДЕШЕВ, ҚР МСМ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүкіл терминдердің тізбесі алфавиттік ретпенен біздің сайтымызда орналасқан. Оны кез келген адам сол сайтымызға кіріп, кез келген терминнің дұрыстығын, бұрыстығын көре алады. Өйткені, қазіргі кездегі терминдердің дұрыс нұсқасы және бұрыс нұсқасы жазылған.

 

Сурет: advokats.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер