Ақтаудың жағалау күзеті аймақтық басқармасының жеке құрамы жас сарбаздармен толықты. Олар - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде екі айлық қатаң іріктеуден өткен әскерге шақырылушылардың алғашқы тобы. «Күз-2016» шақыру компаниясының алғашқы күні Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақырылған 43 адамды теңіз әскери бөлімдерінде қызмет атқаруға жіберді. 

 

Жас сарбаздар алдағы қаңтар айының соңына дейін теңіз оқу базасында дәріс алады. Содан соң еліміздің теңіз шебін күзетін бөлімшелерге таратылады.

 

ТАЛҒАТ ТӨРЕБАЕВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА КҮЗЕТІ АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Елордалық жастардың Отан алдындағы борышын «Астана» кораблінде өтегенін жөн көрдік. Ол - Қазақстан теңіз шекара флотына қарасты кемелердің флагманы саналады.

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер