Шығыс Қазақстанда шығарылған ірімшік енді Ресей нарығына жол тартпақ. Аймақтағы сүт өңдеу цехы Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүмкіндігін пайдаланып қалмақ. Аймақты бірқатар сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында 12 адам еңбек етеді.  Әсіресе ірімшік ерекше сұранысқа ие. Голланд және Кубан үлгісіндегі өтімді өнімді енді көршілес Ресей тұрғындары да тұтынбақ. Қазірдің өзінде экспортқа жіберуге қам жасалып жатыр. Цехқа күн сайын іргелес ауылдардан тексеруден өткен 4 тонна сүт жеткізіліп, сапасы талапқа сай тауарға айналды.

 

МАРИНА СЛАВЕЦСКАЯ, ТЕХНОЛОГ

Ірімшік дайындау үшін 4 күн керек. Сүт келгеннен кейін оны мұқият тексеріп, өңдеп арнайы қоюландырамыз. Мұнан кейін қайнату, сығымдау жұмыстары атқарылады. Ең соңында тұздаймыз. (СКЛ) Біздің өнімдер ешқандай химиялық қоспаларсыз дайындалғандықтан табиғи дәмімен ерекшеленеді. 

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер