Түркістандық тұрғын түйеқұстың екі түрін өсіріп жатыр. Қазақстанда жұмыртқа жарып шыққан австралиялық құстар бүгінде бір жастан асқан. Құс өсіруші құстарды күтіп баптаудың қыр-сырын ғаламтордан оқып үйреніпті. 

 

ЕСІМХАН КӨПЕНОВ, ФЕРМА ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бұлар негізі жеміс-жидекті жақсы көреді ғой.Қауын-қарбыз жеміс піскен кезі ғой қазір содан түйеқұстарға әкеліп турап береміз дарбызды.Жүгері бидай береміз.Кейбір қойлар сияқты қомағайланып жей бермейді.Берген нәрсені қанағат қылады.

 

Денесі ірі болғанымен Түйеқұстар балапен кезінде нәзік келеді. Жұмыртқа жарып шыққан соң аптаға дейін жем де жемейтін көрінеді. Сондықтан 2-3 ай күтімі жақсы болуы керек. Жуырда  Түркістанның табиғатына тез бейімделген құстың африкалық түйеқұстың тағы 15 балапанын алып келген. Өскенде бойы үш метр салмағы 150 келіге дейін жететін сирақты құсты болашақта мініп жүруге де үйретпек ойы бар.

 

НӘЛПАН МЫРЗАҚҰЛОВ,ФЕРМЕР

Ағайын туыс келеді. Солардың балалары мініп жүретін етіп қолға үйретіп қойсам дейдімн. Кесененің айналасына апарып қойса да болады.Туристер келеді көреді.Шетелде бар ғой паркке барсаң қойып қойған страус үстіне мінесің қасына жұмыртқасын қойып қойған  ұстап суретке түседі әрі қызық.

 

Түйеқұстың етіне қай кезде де сұраныс көп. Терісінен аяқкиім тігуге болатын көрінеді. Оның сапасы қолтырауынның былғарысынан кем емес. Сондықтан болашақта құстың санын көбейтіп, еті мен терісін кәдеге жаратсам, -дейді шаруа. 

 

Сурет: australopitech.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер