Ақтөбе облысы Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған өңірлердің бірі. Тәуелсіздік жылдары аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8 жарым млн теңгеден 1 триллионға дейін өсті. Мұндағы «Көктау-2» ауылында шет елдерден келген қандастарымыз үшін мемлекеттік бағдарламамен баспана салынды. Жұмысқа жарамды жастар қайта даярлаудан өтіп, мыс-мырыш өңдеу фабрикасына жұмысқа орналастырылды. Көктаудағы екі кеніштен жылына 2,5 млн тонна мыс-мырыш өндіріледі. Тәуелсіздік жылдары өңірде хром өндірісінің көлемі де ұлғайды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты  хром қосындыларының 6 түрін шығарып отыр. Дайын өнімнің 97 пайызы әлемнің 40-тан астам еліне экспортталады. Франция, Жапония, АҚШ және Италия сынды мемлекеттермен тұрақты әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Әлемде баламасы жоқ 4-ші жаңа цехтың өзі жылына 440 мың тонна феррохром өндіреді. Облыс экономикасы үшін  маңызды  жобалардың бірі- «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» Зауытта  ұзындығы 120 метрге дейінгі  жоғары жылдамдықтағы магистральдарға арналған рельстер шығарылады.

 

Марат ИБРАГИМОВ,  ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің технологиямыз өзге елдегі кәсіпорындардан әлдеқайда көш ілгері. Өнімді дайындау кезінде болатты ауа -су қоспасы жүйесінен бірден  өткізіп  қалыптап аламыз. Бөлек қойып, уақыт алмаймыз. Біз қатты ыстық пен суыққа төзімді ,берік рельстер дайындап шығарамыз. Біздің рельстерімізге Еуропа және Таяу Шығыс елдері мен Иран да қызығушылық танытып отыр.

 

Ақтөбе облысынан Қазақстанның индустрияландыру картасына 91 жоба еніп, оның жартысынан астамы іске асырылды. Нәтижесінде, 6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Экономикамен қатар, әлеуметтік сала да қарқынды дамыды. Оның дәлелі, Тәуелсіздік жылдары облыста 126 медициналық мекеме салынған. 293 нысан күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде медициналық кластер құру жұмыстары жүргізілуде.

 

Әсет ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Былтырдан бастап, Түрік компаниясымен бірге жұмыс жасап жатырмыз. 5,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салып жатыр. Жедел –жәрдем бекетінің құрылысы басталды, машиналар келіп жатыр бекетке қажетті.

 

 

 

Фото: aviata.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер