Еуразия Ұлттық университетінде ағымдағы оқу жылы «Джуниор ЭКСПО -2017» деп аталады ("JUNIOR "EXPO-2017"). Өйткені халықаралық көрмеге дайындық жұмыстарына осында білім алатын үш мыңнан аса студент атсалысуда. Мұнда гид-экскурсия жетекшілерін дайындайтын орталық та жұмыс істеп тұр. Ал университет мамандары халықаралық көрменің сапа белгісін дайындауда. Ректор Ерлан Сыдықов атап өткендей, ЭКСПО-ға студенттерден бөлек, оқытушылар да тартылған. Білім ордасының қабырғасында бірнеше тақырыптық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті әлемдегі ең үздік оқу орындарыны Кьюэс Ворлд Юниверсити Рэнкинг (QS World University Ranking) ғаламдық рейтингіне кіреді.

 

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ РЕКТОРЫ:

Еуразия Ұлттық университетінде 5 жыл болды өзінің инновациялық паркі жұмыс істеп жатыр. Мұндағы ғалымдар көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Олардың көбі өндірістерде қызмет жасап, табыс әкелуде. Сонымен қатар, бізде жыл сайын жұмыс берушілер мен индустриядағы өкілдерді шақырып, біз "қандай тапсырмаларың бар, қандай шешілмеген мәселелеріңіз бар ғылымды қажет ететін" деп, сұраныстар жасаймыз. Сұраныстардың сараптап, қолымыздан келгенінше ұсыныс жасаймыз. Осылайша тығыз байланыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер