1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Ізгілік пен құрметке негізделген атаулы мерекеге түрлі ұйым өкілдері де атсалысып, алдыңғы аға буынды құттықтап жатыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының "Зекет" қоры да қадірлі күнді қалыс қалдырмай, қарттар үйінде дастархан жайып, мереке иелеріне сый-сияпат жасады. Тағдыр тауқыметін тартқан қам көңіл жандарға құрмет көрсету арқылы кейінгі жас ұрпақты мейірімділікке үндейтін іс-шараның тәрбиелік маңызы зор.

 

МАҚСАТ МҰРАТБЕК, "ЗЕКЕТ" ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Қарттардың көңілін түсірмеу үшін қарттардың сәл де болса бір күн көңілдерін көтеріп, өмірге деген кішкене талпыныстарын арттыру мақсатында осындай "Зекет" қорының бар екенін де қарттарға таныстыру мақсатында жайылып жатқан дастархан.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда 2 миллиондай қария тұрады. Биыл мемлекет қазынасынан 7 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы қарттар мен мүгедектерді қолдауға бөлінген. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, біржолғы материалдық көмекке 4,1 миллиард теңге қаралған. Сондай-ақ, қариялардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне, қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және баспанасын жөндеуге де қомақты қаржы бөлініп отыр.

 

 

 

Сурет: egemen.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер