«ЭКСПО» қалашығындағы құрылыс жұмыстарының 85% аяқталды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахмеджан Есімов көрмеге қатысуға тіркелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу барысында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша негізгі шаруа пысықталды. Барлық павильондар салынып, инженерлік желілер тартылып қойылыпты. Ендігі қалғаны - ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары. Ахметжан Есімов жиналғандарды өз елдеріне қарастырылған павильондарын қамдап реттеуге кірісуге шақырды. Сондай-ақ, Қазақстанның бас қаласы қатысушыларды қабылдауға әзір екені жеткізді. Айта кетейік, бүгінде 103 мемлекет Астанадағы көрмеде баламалы энергия көздері мен жасыл экономика салаларындағы тың жетістіктерімен бөлісуге мүдделі екендіктерін білдірген. 98 ел өз комиссарларын тағайындады. Ал халықаралық шараға қатысу туралы 82 келісім бекіп, 61 мемлекет  ұлттық күндерінің уақытын бекітті.  Солардың бірі – Әзербайжан Республикасы.

 

Рашад Маммадов, Әзербайжаннның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Әзербайжанда баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттік құрылды. Бүгінде елде өндірілетін жарықтың 12,7 пайызы табиғи әдіспен алынады. Ол күн, жел, термалды және гидро станциялар. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті зор. Біз өзіміздің технологиялық тәжірибемізбен бөлісетін боламыз. Көрмеде ұсынатын бағдарламамыздың тұжырымы әзірленді.

 

Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Олардың қатарында БҰҰ-ys4 Даму бағдарламасы, Дүниежүзілік банк, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, ЭСКАТО, ЮНИДО, ЮНЕСКО, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бар. 

 

Сурет: www.voxpopuli.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер