Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Израиль елшілігіне барды. Мемлекет басшысы Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің қайтыс болуына орай көңіл айту кітапшасына жазба қалдырып, елшіге біздің елдің ықыласын жеткізді. Президент Шимон Переспен жақын достық қарым-қатынаста болған. Марқұм Израиль Президенті міндетін атқарған кезеңде үш рет Қазақстанға сапармен келген болатын. Оның екі елдің байланысын нығайтуға елеулі үлес қосқанын айтты елбасы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Кемеңгер адам, көпті көрген. Израиль халқының ұлы перзенті болып саналады. Халқының санасында мәңгі қалады деп санаймын. Оның дүние жүзілік мағынасы бар адам еді. Ылғи бейбітшілікке қарай бас бұрып отыратын. (ВЫРЕЗАТЬ!!! Жақын Азияда бейбітшілік орнату үшін келісімге қол қойған). Сол үшін Нобель сыйлығын алған адам. Барлық  жерде қарапайым, Қазақстан мен Израиль арасында қатынасты дамытуға көп жұмыс істеді, көп көңіл бөлді. Үш рет біздің елде сапармен болды, мен үш рет Израильде болдым. Біздің діндер Съезіне қатынасып, сөз сөйлеп, қолдады әр уақытта. Осы жақын арада да бейбітшілік жөнінде де ядролық қаруға қарсы жөнінде саммитке бірге өткізейік деп дайындалып жүрген кезде, ол кісі дүниеден өтті. Дүниеге белгілі қайраткер. Сондықтан біз өз көңілімізді айтып, марқұмның туған-туыстарына, Израиль еліне қайғылы күндерде бірге екенімізді көрсеткім келеді.

 

Иерусалимде елдің бұрынғы президенті әрі әлемге танымал тұлға Шимон Переспен қоштасу рәсіміне 70-ке жуық мемлекеттің өкілдері келді. Шимон Перес 28-ші қыркүйекте 94 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 13-ші қыркүйек күні жүрек талмасымен Тель-Авив маңындағы ауруханаға жеткізілген.  Израиль тарихында өзіндік із қалдырған саясаткер мемлекетті 2007-2014 жылдардың аралығында басқарды. Шимон Перес Таяу Шығыста бейбітшілік орнату бағытындағы белсенді қызметі үшін Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ие болған. 

 

Сурет: vlast.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер