Қазақстан экспорттаған бидайдың жартысынан көбі Орталық Азия елдеріне жеткізілген. Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы баспасөз қызметі хабарлады. Соның ішінде, Қазақстан – ҚХР –Еуропа бағытында контейнерлік пойыздардың саны екі есеге дейін өскен. Жыл басынан бері аталған бағытта Қазақстан астығы артылған 1210 құрам жөнелтілген. Ал былтыр 503 жүк пойызы аттанған болатын. Жыл басынан бері 5 миллион тоннандан аса астық тасмалданып, оның 3 миллион тоннасы экспортқа арналған. Сонымен қатар, теміржолмен 2 млн тонна  жеткізіліп, оның 1,5 млн тоннасы экспортқа арналған.  Бүгінде тасымалдау бағыттарын кеңейту, контейнерлік поездармен жеткізілетін тауар көлемін арттыру бағытында жұмыс жалғасуда. 

 

Сурет: www.kazakh-zerno.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер