Биыл мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық үлес 2,3 есеге артты. Өткен жылмен салыстырғанда, жергілікті атқарушы органдар және Алматыда орналасқан ұлттық компаниялар сатып алған отандық тауарлардың үлесі 28 -ден 64 пайызға жеткен. Мұндай мәліметтер қалалық кәсіпкерлер палатасында жарияланды. Қазақстандық брендтерге сұранысты көбейту мақсатында  кәсіпкерлер мен билік өкілдерінен арнайы комиссия құрылған болатын. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қазақстандық 495 тауар өндіруші 42 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған. Дегенмен, медициналық бұйымдар саласындағы көрсеткіш әлі де төмен. Медициналық мекемелер негізінен отандық тауарлардан қолғап, халат, бетперде мен шприцтер ғана алады. Сарапшылар болашақта жағдайдың түзелетініне сенімді. Алматы кәсіпкерлер палатасы мен медициналық компаниялар қауымдастығы  меморандумды бекітті. Енді тараптар медицина саласындағы жергілікті тауар өндірушілердің үлесі 45 пайызға жетеді деп отыр.         

 

ҚУАНЫШ КЕРІМҚҰЛОВ, "МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ ҮШІН"  КОМПАНИЯЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ядролық физика институтында фторглюкоза шығаратын циклотрон іске қосылды. Бұл өте қажетті өнім. Бұрын шетелден әкелінетін молибден, технеций сынды препараттар да өзімізде шығарыла бастады.

 

Сурет: crimeavector.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер