Бакуде жыл сайынғы халықаралық гуманитарлық форум өтіп жатыр. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ге жуық делегат екі күн бойы әлемдегі өзекті мәселелерді талқылайды. Алғашқы күні босқындар, дүниежүзіндегі ұлтаралық қақтығыстар және лаңкестікпен күрес сияқты тақырыптар көтерілді. Еліміздің атынан басқосуға қатысып отырған мемлекеттік хатшы Гүлшара  Әбдіқалықова осы бағыттағы Қазақстанның ұстанымын жеткізді. «Қазіргі заманның басты проблемасы  халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің жоқтығы», - дейді мемлекеттік хатшы. Мұндай жаһандық деңгейдегі мәселелердің алдын алған жөн. Бұл  ретте президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем.XXI ғасыр» атты манифесі мысал ретінде  келтірілді. Бейбітшілікке үндейтін бұл құжаттың дүниежүзіндегі тұрақтылыққа қосар үлесі зор.

 

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ

Әлем.XXI ғасыр» манифесі, халықаралық қауымдастыққа жаһандық қауіп қатердің алдын  алатын басты ұстанымдарды көрсетеді. Біз мыналарға назар аударуымыз қажет.  Біріншіден, қазіргі замандағы соғыста ешкім жеңімпаз бола алмайды. Екіншіден, жаңа соғыс бола қалған жағдайға ядролық қару қолданылуы мүмкін. Үшіншіден, барлық мемлекеттер арасындағы түсініспеушілік бейбіт  диалогтар мен құрылымды келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер