Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар оның президент - өңірдің әлеуметтік, ауыл шаруашылығы және көлік саласының бірқатар нысанын аралап,  жұмыс барысымен танысты. Еліміздің солтүстік аймақтары қашанда сапалы астығымен аты шыққан. Павлодар өңірі осы даңққа қосқан үлесі бар. Биыл еңбекші қауым  миллион тоннаға жуық астық аламыз деп отыр. Дәнді дақылдарды сақтайтын қоймалар да күні бұрын әзірленді. Бір ғана «Арго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде 30 мың тонна дән сақтайтын қойма бар. 6 ғана маман басқаратын жұмыс толық автоматтандырылған. Дәл осы ұжымның ісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танысты.

 

Павлодардағы  Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қазіргі уақытта ғылымға ден қойған. Белсенді жастар президентті жаңа жобаларымен  таныстырды.

 

Қымыздан жасалған балмұздақ жетістіктердің бір парасы ғана. Мәселен инвест жобалар жәрмеңкесінде білімгерлер 40 миллион теңгеден асатын 21 жобаны сатқан. Сөйтіп жаңа жобалардың жандануына күш салған.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:   

То, что студенты со студенческой скамьи занимаются вот этими всеми делами, это то что необходимо. Если бы все университеты занимались бы так, студенты были креативные, талантливые, стремились придумать, И вот эта Силиконовая долина, индийский Бангалор, там студенты уже заканчивая университет становятся богатыми. Государство создает для вас условия, чтобы стартапы эти проходили. Стартапы, затем опытные промышленные установки, потом проходили в бизнес.

 

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында еліміздің тас жолдары жаңарып жатыр. Бүгінгі күні Солтүстік және Шығыс Қазақстанға қатынауда едәуір жеңілдеді. Оны Павлодардың жолынан анық аңғаруға болады. Орталық Шығыс автожолының 12 шақырымы бүгінгі күні төселіп жатыр. Күре жолдың сапасын президент  көрді. Жұмысшылармен жүздесіп, жолдың ел үшін маңызы зор екенін айтты.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жол сал деген ғой қазақтар, көпір сал деген. Мұсылмандарға сауап болады. Міне көпір. Жолаушының жолын қысқартатын, жұмысын азайтатын, жүгін жеңлдететін барлығы жол. Елімізде жол болса, экономика жетіледі. Елімізде жол болса, қарым-қатынас жақсарады. Еліміз бірігеді бір-бірімен. Ары-бері қарым-қатынасы болғаннан кейін жағдайдың бәрі дұрыс болады.

 

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында өңірге республикалық бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінген. Қаржы тиімді игеріліп жатыр. Осы уақытқа дейін 450 жоба жүзеге асып, 6095 жұмыс орны ашылған. Осы сынды жасалған жұмыстарды байқаған Елбасы, қарқын бәсеңсімей, ілгеруі керектігін еске салды. 

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Павлодар деген еліміздің ең үлкен өндірістік аймағы болып саналады. Барлық жағынан көлемді. Ауыл шаруашылығында да көп жұмыс жасалынып жатыр. Жастарға білім беру жағынан да. Соның барлығын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына келе жатырмыз. Ойлап қарасақ, кеше ғана 25 жыл өтті. Жеткен жетістіктеріміз 100 жылға татиды.

 

25 жылдан бері атқарылған ауқымды жұмыстар нәтижесінде 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылған. Осы көрсеткішке қарап аймақтың әл-ауқатының артқанын байқаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер