Ақтөбедегі рельс арқалық зауытының өнімдері таяу уақытта шетелге жіберілмек. Бүгінде зауыт мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында еліміздегі Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңінде іске асты. Жоба құнының 30 пайызын  құрылтайшылар жарғылық капиталға салған, ал қалған 70 пайызы «Қазақстан даму банкінің» несиесі. Озық технологияны қолданатын өндіріс орнының басты ерекшелігі- дифферциялық термонығайту арқылы рельстердің беріктігін күшейтуі.

 

МАРАТ ИБРАГИМОВ, ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің технологиямыз өзге елдегі кәсіпорындардан әлдеқайда көш ілгері. Өнімді дыйндау кезінде болатты ауа су қоспасы жүйесінен бірден  өткізіп  қалыптап аламыз. Бөлек қойып, уақыт алмаймыз. Біз қатты ыстық пен суыққа төзімді ,берік рельстер дайындап шығарамыз. Біздің рельстерімізге Еуропа және Таяу Шығыс елдері мен Иран да қызығушылық танытып отыр.

 

Өнімнің профилі мен беріктігі жөніндегі талап етілетін барлық өлшемдер сақталған. Зауыт зертханаларында жасалған сынақтар рельстердің стандарттарға сай екенін көрсетеді. Қазір алдымен «Қазақстан темір жолы» компаниясымен ұзақ мерзімді келісім шарт жасаған.

 

ҚАЙРАТ ДӘУЛЕТОВ, ЗАУЫТТЫҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазақстанда «Алматы-Шу бағыты» бойынша темір жол салынып жатыр. Сол обьектіге жеткізіліп жатыр. Және Маңқыстау облысындағы теңіз портын салу мақсатында біздің рельстер пайдаланып жатыр.

 

Бүгінде  750 адам еңбек етеді.Толық қуатына зауыт 2018 жылы қол жеткізбек. Ал,осы жылдың соңына дейін Өзбекстаннның мемлекеттік темір жол компаниясына 13 мың тонна рельс жөнелтпек.

 

 

 

 

Сурет: vaktobe.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер