Қазақстан отандық жер серіктерін іске қосудың арқасында жыл сайын 23 млрд теңге үнемдейді. Бұған дейін мемлекет Жерді қашықтықтан зондтау қызметін шетелге тапсыратын. Осы жылдан бастап "ҚазЕОСат-1" және "ҚазЕОСат-2" аппараттары түсіретін фотосуреттер мемлекетке тегін беріледі. Бұл спутниктер ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, жерді пайдалану, геодезия, картография, барлау, қорғаныс салаларында кеңінен қолданылып келеді. Тіпті, ғарыштан түсірілген суреттердің арқасында бірқатар қылмыстық әрекеттер де әшкере болды, дейді "ҚазҒарыш" басшысы Марат Нұрғожин. Ал 2020 жылы Марсты бағындыруды жоспарлап отырған Біріккен Араб Әмірліктері бұл ойын жүзеге асыруда қазақстандық мамандардың көмегіне жүгінбек. Нақты айтқанда, арабтар қызыл ғаламшарды зерттеуге арналған ғарыш аппараттарына тапсырыс беруге ниетті.

 

Марат НҰРҒОЖИН, "ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ" ҰК" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі салып жатқан жүйеміз, жинақтау-сынау кешені, ол ондай аппараттарды жасай алады. Біз былтыр осы мемлекетте болдық. Олардың ойлары бар, біраз жұмысты бізге тапсыру, осы салып жатқан жүйеге. Егер мемлекет ондай тапсырма берсе, біздің мамандар ондай жасай алады, деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер