2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап прокатқа шығатын барлық фильмдердi қазақ тiлiне аудару мiндеттелуi мүмкiн. Бұл туралы Мәжiлiсте мәдениет мәселелерiне қатысты заң жобасын талқылау барысында белгiлi болды.  Халық қалаулыларының ұсынысына сай, келер жылдан елге әкелiнетiн барлық шетелдік киноға мемлекеттік  тiлде не кадрдан тыс, не субтитр түрiндегi аударма немесе толық дубляж жасалуы тиiс.  Ал 2018 жылдан  бастап мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін қоғамдық маңызы бар әдебиеттер кемінде 5 мың данамен басылып шығарылатын болады. Бұл еліміздегі кітапхана сөрелеріне түгелдей дерлік  сиясы кеппеген  көркем шығарманың түсуін қамтамамасыз етудің қамы. Бүгінде Қазақстанда 5 мың кітапхана жұмыс істеп түр.  Айта кетейік, қазір әдеби туынды 2 мың данамен жарық көріп келеді. Құжат  автордың қаламақысы мен кітаптың басылуы және таралымына дейінгі  процессті бір ретке келтіруді көздейді.  Жалпы ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, жетілдіруді көздейтін заң жобасына депуттаттар тарапынан жүзге тарта толықтырулар мен өзгертулер енгізілмекші.  

 

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Мәдениет заң нормалары арасындағы кемшіліктер мен қайшылықтарды жою. Шығармашылық еңбеккерлерінің еңбегін құқықтық ретеу жағындағы олқылықтардың орнын толтыру. Ұлттық мәдени игіліктерін дамыту және қорғау шараларын іске асыру үшін заңнамалық жағдайлар жасау.

 

 

 

Сурет: www.parlam.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер