Елорданың 100-ден астам жас ғалымы бүгін үйлі болды. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өз доктаранттары мен магистранттарына осындай сый жасады. Сол жағалауда орналасқан 5 қабатты 3 үйде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Ал, оқу ордасының басшылығы болса, бұл үлкен жоспардың алғашқы қадамы ғана дейді. Алдағы уақытта тағы да осындай бірнеше баспана бой көтеріп, көп жыл еңбек еткен оқытушыларға берілмек. 

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Әрине, жақсы, сапалы кәсіптік  білім беру үшін оқытушыларға жағдай жасауымыз керек. Қазақта мақал бар үйі бардың, күйі бар дейді. Мына 3 үй Елбасының жеке тапсырмасымен салынған үйлер.

 

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер