Сирияның Алеппо қаласының шығысында соңғы бірнеше күнде 100 шақты бала көз жұмды. Тағы 220-дан астамы жарақат алды. Бұл туралы БҰҰ-ның Балалар қоры хабарлап отыр. Халықаралық ұйымның мәліметінше, 250 мыңнан астам тұрғыны бар өңірдегі ахуал күн санап ушығып келеді. ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, ондағы халық бір аптадан бері таза ауыз суға зәру болып отыр. Осыған байланысты 100 мыңнан астам баланың су арқылы жұғатын ауруларға шалдығу қаупі жоғары. Сонымен қатар, аймақта дәрігерлердің аздығынан науқастар мен жарақат алғандардың барлығына тиісті көмек көрсету мүмкін болмай отыр. Дәрі-дәрмек тапшылығы тағы бар.  

 

Бұған қоса, сәрсенбі күні «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымы Алеппоның шығысында екі бірдей ауруханының оққа ұшқанын хабарлады. Бұл жағдай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында талқыға салынды. Пан Ги Мун бұл шабуылдарды әскери қылмыс деп атады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер