Қарағанды облысының 90 білім мекемесі «Инклюзивтік балабақша – инклюзивтік мектеп – инклюзивтік колледж» пилоттық жобасына енгізілді. Бұл білім беру жүйесі аймақта осыдан 4 жыл бұрын басталды. Аталмыш жүйе мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің жалпы білім беру мектептерінде оқуына жол ашты. Бүгінде өңірде 3 инклюзивті балабақша, бір мектеп және екі колледж арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіліп, осы бағытта жұмыс істей бастады. Қазір оқытушыларды дайындау мәселесі назарға алынып, олардың жаңа білім жүйесін толыққанды меңгеру үшін айтарлықтай жұмыс жасалып жатыр. Қарағанды қаласында өткен республикалық семинарда инклюзивті білім беру мәселесі кеңінен сөз болды.

 

Елена САМСОНОВА - МӘСКЕУ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуына оң бағамды беріп отырмын. Өйткені мұнда алдымен директорлар оқып, одан кейін арнайы бағдарламамен барлық ұжым біліктілігін арттырады. Бұл жаңа білім жүйесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып отыр. Осында көрген-түйгенімді Мәскеуге алып барып, тәжірибеге енгізуді көздеп отырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер