"ТҮРКСОЙ" халық аспаптар оркестрі Жетісуда концерт қойды.  «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өмірге келген ұжымда түркі тілдес елдердің танымал өнерпаздары өнер көрсетеді. Олар домбыра, сырнай, шертер, қыл-қобыз, қурай, рубаб, дойра, жетіген сияқты бірнеше аспапта ойнайды. Түркі әлемінің халық музыкасын жан-жақты насихаттап, жаңғыртып жүрген өнерпаздар талдықорғандықтардың ерекше ықыласына бөленді. Олар фольклорлы, дәстүрлі және барша түркі әлемінің халықтық-кәсіби композиторларының шығармаларын орындады. "Оркестрдің алғашқы концерті биыл наурыз айында Нью-Йоркте өтті. Еуропа жұртшылығы да өнер ұжымының концерттерін тамашалап үлгерді. Олар да тәнті болды",-дейді оркестр жетекшілері. 

 

АРМАН НҰРМАХАМАТҰЛЫ, "ТҮРКСОЙ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ МӘДЕНИ ЖОБАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Концерттік бағдарламамыз  Қазақстанның, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты түркі тілдес елдеріміздің 25 жылдығына, Тәуелсіздіктерінің 25 жылдықтарына арналып отыр. СКЛ. Бұдан ары Қырғызстанда, Түркияда, Солтүстік Кипрде өздерінің концерттерімен, өздерінің өнерлерімен өнерсүйер қауымға түркі әлемінің дәстүрлі музыкасын жеткізеді деп ойлаймыз. 

 

Сурет: www.minber.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер