Еліміздің бір топ кинологы Австрияда шеберліктерін шыңдап келді. Терроризммен күрес жұмыстарын еліміздің және Австрияның ішкі істер министрлігі, Американың еліміздегі елішілігі мен Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Астанадағы бағдарлама кеңсесі бірлесе өткізген болатын. Қазақстандық кинологтар "Бад Кройцен" қаласында екі ай бойы австриялық әріптестерінен қырағы иттерді қиын әрі қауіпті тапсырмаларды орындауға үйретудің тың әдістерін білді. 20-дан аса иісті сезетін бұл жануарлар барлық қиын операцияларға сақадай сай. Бұйрықты үш тілде түсінетін олар жарылғыш заттарды барынша жылдам табуға машықтанған. Мамандар "сақтық пен нақтылықты талап ететін кинология қызметінде әрдайым ізденіс пен жаңа тәсілдер" қажет, дейді. Сондықтан, осындай бірлескен оқыту курстары алдағы уақытта да жалғасады. Еліміздің кинологтары Австриялық мамандармен осы уақытқа дейін Астана вокзалы мен халықаралық әуежайда және "ЭКСПО" көрмесі аумағында лаңкестікке қарсы операциялар өткізген болатын.

 

АЗАМАТ КЕНЖЕХАНОВ, КИНОЛОГ

Олардың методикасымен итке көп уақыт бөлінеді. Дайындалуына салыстырмалы түрде айтқанда, Австрия елінің кинология қызметінің бастығы айтты, бізге қызметке шығармастан бұрын бір жыл бойы дайындаймыз деді. Бізде оқу деген үш ай жалғасады. Қазақстанда оқитын болса, үш ай. Ары қарай қызмет барысында жалғастырып үйрене береді.

 

Сурет: kavpolit.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер