Жамбыл облысында ет кластері құрылады. Экспорт көлемін еселеп, тұрақты өнім алу мақсатында биылғы жылдың аяғына дейін тәулігіне 40 тонна ет шығаратын жоба іске қосылады. Сөйтіп 150-дей адам еңбекпен қамтылмақ. Құрылысы 2013 жылы басталған ет комбинаты толықтай автоматтандырылған. Қазір шикізат қоры тұрақты түрде жеткізіліп тұру үшін өңір шаруақожалықтарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

 

МАМЫР БӨПЕЖАНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ  

Облыстағы, облыстың маңайындағы республикалардан, Қырғызстан, Өзбекстан бар, ет қабылдауға дайындалып жатырмыз. Ол үшін мекеменің қызметкерлері, ауылшаруашылық еңбеккерлері,  мал шаруашалықтарымен кездесіп,  соларменен шартқа отырып жатырмыз.

 

Жоба құрылысының аяқталғаны өңір шаруаларын қуантып отыр. Себебі, ірі көлемде мал бордақылаумен айналысып отырған олар етті қайда өткіземін деп бас қатырмайды.  Ет кластерін құрып, экспортты еселеу үшін мал басын көбейту қажет. Бұл бағытта үш жүзден астам шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламамен 2 мыңнан астам  асыл тұқымды ірі қара мал сатып алған. Ал жалпы облыстағы жұмыс істеп тұрған мал бордақылау алаңдарында 20 мың ірі қара, 50 мың уақ мал байлауға болады. 

 

Сурет: kazfin.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер