Оңтүстік Қазақстан облысында ғылым мен технологияны ұштастырып, оны фермерлерге оқытатын жаңа орталық ашылады. Бұл туралы Шымкентте өткен  Қазақстан-Израйль бизнес форумында айтылды. Жиынға Израильден ең ірі деген 15 компания өкілдері арнайы келіп қатысты. Шетелдік кәсіпкерлер оңтүстіктегі ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласына инвестиция салуға ниетті. Өйткені өңірде инвесторлар үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Тиісінше олардың озық тәжірибесін өндіріске енгізу біздер үшін тиімді болмақ. Себебі Израиль жаңа технология қолдануда әлемдегі дамыған елдердің қатарында. Құмды алқапты жасыл желекке айналдырған шетелдіктердің тамшылатып суару әдісін оңтүстік диқандары егіс алқаптарында кеңінен қолдануда. Тіпті түркістандық шаруа суды 2-3 есеге дейін үнемдеп, 40 центнерден жоғары өнім алып отыр. Форумда екі жақты экономикалық байланысты одан әрі нығайтатын бірқатар келісімдерге  қол қойылды.

 

МИХАЭЛЬ БРОДСКИЙ, ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ 

Оңтүстік Қазақстан облысында  әсіресе ауыл шаруашылығы ерекше қызығушылық тудырады.Бұл қолайлы ауа-райы мен құнарлы жері және дамыған инфрақұрылымның нәтижесі болса керек.Осының барлығы түптеп келгенде ауыл шаруашылығы саласындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

 

САПАРБЕК ТҰЯҚБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыста ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 2020 жылға дейінгі бағдарлама іске асырылуда.Оның негізгі бағыттарының бірі ғылым мен жаңа технологияларды ауыл шаруашылығына енгізу,қолдану.Осы салаларда Израйль мемлекетінің тәжірибесі өте жоғары.Суаармалы жер көлемін кеңейту иригация жүйесін жақсарту бойынша да сол елдің тәжірибесін қолдану сол жақтан инвеститция тарту бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткіздік.

 

Сурет: forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер