Елордадан 130 шақырым жердегі Ерейментау ауданы, Қарағайлы ауылының маңындағы алаңда ландшафтық музей пайда болуы мүмкін. Бірақ мемлекеттік мекемелер қолдаса ғана. Археолог, түрколог Айман Досымбаева бастаған топ 4 мың жыл бұрынғы қола дәуірінен сақталған балбал тастардың мекенін ЕХРО көрмесінің эталондық нысаны етуді ұсынып отыр.

 

Айман Досымбаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Баба тас дейміз, балаларға тас қойып, символ ретінде үйлері бар, қоршауы, мұнда адамды жерлемейтін. Бұлардың негізгі мағынасы бүгінгі мешіт сияқты. Мұндайлар Алтайда, Моғолстанда да бар, Күлтегін, Тоныкөкке орнатқан. Түрік қоғамы өмірде сыйлап, дүниеден қайтқанда оларға сыйынатын.

 

Расында желі азынаған, бетпақдала мына тас мүсіндерімен құдды бір тарихи әлем секілді. Көне ескерткіштерді шетелдіктерден бұрын алыс-жақын ауыл тұрғындары көруге асық.

 

Серік Бимжанов, ауыл тұрғыны

Бұл біздің тарихымыз ғой. Үкімет қаржы бөліп, музей қылса ғой. Бұл тастарды зират деп бұл жерге аяқ баспайтынбыз, бірақ мал жайылады, бұзып тастауы мүмкін.

 

Бұл маңда қола дәуіріндегі адамдардың діни-танымынан хабар беретін қорымдар да сақтаулы. Қиыршық тастармен қоршалған аумаққа адамдар жерленетін. Мұны тарихшылар мұртты қорғандар мекені дейді. Ерейментау даласынан ежелгі дәуірге тиесілі жүздеген мүсін табылған.

 

Айман Досымбаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Біздің жеріміздің тарихын өзіміз білсек, екіншіден, оқушылар, студенттер, шетелдіктерге  Экспода көрсетсек. Экспо программасына енгізсек, бәрі де дайын тұр. Мәдениет министрлігіне барып едім, жергілікті әкімшілікке барыңдар деді, бізде оған қаржы жоқ деді.

 

Десе де, ғалым қарап отыруды жөн көрмепті. Зерттеу жұмыстарын жалғастырып, тіпті болашақ музейдің жоба-жоспарын да әзірлеп қойған.

 

Сурет: almatyregion-tour.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер