Дүниежүзілік экономикалық форум сәрсенбіде  2016-2017 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Есепті жариялады - деп хабарлады ҚазАқпарат. Зерттеу нәтижесіге сәйкес, әлемнің 138 мемлекетінің ішінен Қазақстан 53-ші орынға ие болды.

 

Еске сала кетсек,  2015 жылы Қазақстан 140 елдің ішінде 42-ші орында еді.

 

2016 жылғы зерттеу нәтижесіге сәйкес, бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша әлемнің 138 мемлекетінің ішінен жалпы орташа 4,41 балл жинай отырып (2015 жылы 4,49 балл), Қазақстан 53-ші орынға ие болды.  Рейтинг бойынша Қазақстанның осы жылғы көршілері - Руанда (52-ші орын) және Коста-Рика (54-ші орын) мемлекеттері.
ТМД елдерінің ішінен Қазақстан Әзірбайжан (37-ші) мен Ресейден (43-ші орын) кейінгі үшінші орында. Сондай-ақ Грузия - 59-шы орын, Тәжікстан - 77-ші орын, Армения - 79-шы орын, Украина - 85-ші орын, Молдова - 100-ші орын, Қырғыз Республикасы- 111-ші орын.

 

Алғашқы үш орынға Швейцария, Сингапур және АҚШ ие болды. Рейтинг соңында Йемен (138), Мавритания (137) және Чад (136) орнықты.

 

Сараптай келе мамандар, «дамудың барлық деңгейіндегі экономика ашықтығының 10 жылда төмендеуі елдердің өсуі мен инновацияларды енгізу мүмкіндігіне қауіп төндіретіндігін» айтып отыр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 113 көрсеткіш арқылы түзіледі.

 

144 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторын  шығарылады. Олардың ішінде институттар, инфрақұрылым, макроэкономикалық орта, денсаулық сақтау, білім беру және кәсіби дайындық, тауар нарығының тиімділігі мен еңбек нарығы, қаржы нарығының дамуы, инновациялар.

 

Фото: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер