Еліміздің әр аймағында ауылшаруашылық алқаптарын жалға беру мәселелерін қарастыратын арнайы комиссиялар құрылады.  Бұндай ұсыныс жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында түсті. Топ мүшелері агро өнеркәсіптің әлеуетін арттыру үшін шаруаларға ұзақ мерзімге жер телімдерін берудің талаптарын жетілдіру керектігін алға тартып отыр. Біріншіден жалға берілетін жерге жарияланатын байқаудың аясы кеңейтіледі. Оны иеленем деушілерге  Қазақстанның қай аймағында тұратынында шектеу қойылмайды.  Жер емген ауыл еңбеккері кәсібінің іргесін кеңейтем десе, алдымен алатын учаскісінде тындыратын шаруасына қатысты бизнес жоспар әзірлеуі міндетті. Сондай-ақ, өнімді терең өңдеу жағы ескерілетін болады. Жаңадан жұмыс орындарының ашылуы да комиссия шешіміне оң әсерін тигізбек. Оның құрамының тең жартысы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралмақ. Өзгесі жергілікті атқарушы биліктегілер болмақ. Бұл комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, дейді мамандар. Еске сала кетейік, жалға берілетін жер тек Қазақстан азаматтарына үлестіріледі. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде ел бойынша 1,8 млн. га жер ауылшаруашылық айналымда. Оның тек 0,03 пайызы шетелдіктердің уақытша пайдалануына берілген. Жаңа заң жобасы көпшіліктің талқысы үшін ғаламторға орналастырылған. Құжат алдағы қараша айының соңында мәжіліс қарауына жолданады.

 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Алғашқы 5 жыл бойы қолданысқа алған жерлердің әр жыл қалай қолданылып жатыр,  оның құнарлылығын жоғалтып алған жоқ па?Оған қандай дәнді дақыл егіліп жатыр? Осының барлығын 5 жыл бойы тексеріп отырамыз. Олда үлкен жұмыс. Заң жобасы жалпы жерді тиімді пайдаланудың мәселелерін жан-жақты қамтиды деп ойлаймын. 

 

 

 

Сурет: egemen.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер