Келер жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын баспаналардың ауданы 65 шаршы метрден аспауы тиіс. Бұл құрылыс компаниялардың қосымша шығындарына және жобалау-сметалық құжаттаманы келісуді 6 айға дейін ұзартуға әкеп соғады. Өйткені,  компаниялар бұған дейін ауданы 80 шаршы метрге дейінгі жобаларды әзірлеп қойған. Алайда бұл келісім өзгертілгендіктен, бұрын әзірленген жобаларды қайта қолдана алмайды. Дегенмен, Ұлтық экономика министрінің сөзінше, келер жылы мемлекеттік қаражат есебінен елімізде қосымша 33 мыңнан астам пәтер салынады. Ал, "Нұрлы жер" бағдарламасының тетігі қараша айының соңына дейін әзірленіп, кейін қоғамның талқылауына ұсынылады.Әзірге белгілі болғандай жеке тұрғын үй инфрақұрылымына бөлінетін қаражат қайтарылуы керек. 

 

ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Ерекше айта кететін қағида ол – инфрақұрлымға берілетін ақшалар қайтарымды түрде берілуі тиіс, өйткені кезекте 1 млн-нан астам азамат тұр. Әрине, соның бәрін инфрақұрлымға, учаскелерге, сұранысты қамтамасыз етуге үлкен қаражат керек. Ол қаражатты қайтарымды түрде салмасақ, ұзаққа созылып кетуі мүмкін.

 

 

 

Сурет: www.kn.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер