Алматы қаласы қаржылық орталықтарының Ғаламдық рейтингінде 70-орында.  Тізімді лондондық Z/Yen Group компаниясы жасаған. Оған сәйкес, Ресей астанасы Мәскеу – 84-ші, ал Санкт-Петербор 85-ші орынға тұрақтаған. Қазақстанның оңтүстік шаһары 605 ұпай жинап, осыған дейінгі көрсеткішінен 7 сатыға жоғарылаған. Қаржылық орталықтар көшін Лондон бастаса, екінші орында - Нью-Йорк, ал үздік үштікті Сингапур қаласы түйіндеген.

 

Қаржы орталықтарының Ғаламдық рейтингін жасағанда онлайн-сауалнама жүргізіледі және шаһардағы бизнес-орта, қаржы секторының дамуы, инфрақұрылымы секілді мәселелер ескеріледі. Рейтинг жылына екі рет жарық көреді. Зерттеуге барлығы 87 қаржылық орталық қатысады.

 

 

 

Сурет: ilovealmaty.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер