Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті. Сайысқа Ақжайық өңірінен он шақты команда қатысты. Таңғы 6-да басталған шара сағат 11-де аяқталды. Берілген 5 сағаттың ішінде 9 келі балық аулаған Федеровка ауылының тобы жеңімпаз атанды. «Мақсат – жастарға балық аулау мәдениетін баулу және өз өңіріміздің көрікті жерлерін көрсетіп, ішкі туризмнің дамуына ықпал ету», дейді ұйымдастырушылар.

 

Жанболат ЖОЛАҚОВ,  САРЫӨМІР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау. Табиғат пен адам арасындағы байланысты нығайту. Қатысушылар арасында бірлік қарым-қатынасты орнату. Ішкі туризмді дамыту және балық аулау мәдениетін қалыптастыру. Оның заңды құқықтық негіздерін өскелең ұрпаққа жария ету.

 

Жанна ӘУБӘКІРОВА,  ШАҒАТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Келесі жылы Шағатай ауылында да өткізсек пе деген ой тастап жатырмыз. Негізі осы жастардың арасындағы әр түрлі жағдайларға байланысты осыған жастарды көп баулу керек, ауылдың жастарын.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер