Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, Құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті.

 

Бұл туралы Primeminister.kz сайтында хабарланды.

 

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті.

 

Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер